Талибанға қарсы операция жүргізілді
Өлтірілген содырлар арасында Иран азаматтары да бар.
Ауғанстанның Фариаб уалаятында Талибан ұйымына қарсы бағытталып жүргізілген операцияда 29 содыр өлтірілді.
Елдің солтүстігіндегі 209-шы батальон қолбасшылығының хабарламасына қарағанда, Фариабтың Ширин Тегаб және Ходжа Сабзпош аудандарында Талибан ұйымына қарсы әуеден және құрлықтан операция жүргізілді.
Операцияда ұйымның 29 содыры өлтірілді. Олардың екеуі Иран азаматы.
Операцияда үкіметтің 4 әскері де жарақат алды.
Бұдан бұрын Иранның Ауғанстандағы Талибанға қолдау бергені туралы баспасөзде жазылған болатын. Алайда ұйымда Иранның азаматтарының бар екені бірінші рет ресми түрде бекітілді.
Ұқсас жаңалықтар
Моссад-тың Халықаралық сотты қорқытқаны алға тартылды
Британдық «The Guardian» газеті тақырыппен байланысты хабар жариялады.
«Бұл сұмдық аяқталуы керек» деді
Гутерриш Израиль армиясының қоныс аударған палестиналықтардың лагеріне жасаған шабуылын айыптады.