Ираннан әйел өкілетті елші

Иранда бірінші рет бір әйел өкілетті елші ретінде тағайындалды.

1117353
Ираннан әйел өкілетті елші

Иранда бірінші рет бір әйел өкілетті елші ретінде тағайындалды.

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарына қарағанда,  президенттің бірінші орынбасары Исқақ Джихангири Систан және Белуджистан уалаяттарына сапары барысында Касры Кенд аудан әкімі Хүмейра Ригиді «Иранның Брунейдегі өкілетті елшісі» деп таныстырды.

Джихангири Ригиді «табысты мемлекет қайраткері» деп атады. Риги Малайзияға тағайындалған Мерзие Афгам және Финляндияға тағайындалған Первин Фершжиден кейін 1979 жылғы төңкерістен кейін өкілетті елші ретінде тағайындалған үшінші әйел болды.

Хүмейра Риги айырықша Иранның тұңғыш сүннит әйел елшісі ретінде тарихта қалады.



Ұқсас жаңалықтар