Иран Сыртқы істер министрі мысқылдады

"Бәлкім Жер шарынан да шығып кетер?"

1117439
Иран Сыртқы істер министрі мысқылдады

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф Америка Құрама Штаттары және Израильдің ЮНЕСКО-дан шығуына байланысты пікір білдірді.

Зариф әлеуметтік желідегі жазбасында мына сөздерге орын берді: «Ядролық келісім, Солтүстік Америка еркін сауда келісімі Тынық мұхит серіктестігі және Париж климат келісімінен кейін Трамп әкімшілігі мен Израиль ЮНЕСКО-дан ресми түрде шықты. Трамп пен оның «құйрығы» шықпаған ұйым қалды ма? Бәлкім екеуі бірге Жер шарынан да кетер?»

ЮНЕСКО-ның Палестина проблемасында Израильге қарсы ұстаным ұстанғанын алға тартып ұйымнан шығу үшін өтініш берген Америка Құрама Штаттары мен Израиль жаңа жылдан бастап ресми түрде осы ұйымға мүше емес.

АҚШ пен Израиль ЮНЕСКО-ны Палестина жеріндегі тарихи жәдігерлерді «Палестина мәдени мұрасы» деп атағаны және Палестинаны 2011 жылы мүшелікке қабылдағаны үшін Израильге қарсы ұстаным жүргізді деп айыптады.



Ұқсас жаңалықтар