Германияда босқындарға шабуыл

Германияның Солтүстік Рейн Вестфалия штатына қарасты Боттроп қаласында 50 жасар бір жүргізуші босқындарды басып кетті.

1117427
Германияда босқындарға шабуыл

Германияның Солтүстік Рейн Вестфалия штатына қарасты Боттроп қаласында 50 жасар бір жүргізуші көлігімен босқындарды басып кетті. Оқиғада 4 адамның қаза табуына себеп болды.

Штаттық Ішкі істер министрі Херберт Реул оқиғаның назарға аларлықтай маңызды екенін атап, «Шабуылдаушының қасақана түрде адам өлтіруге әрекет жасағанын анықтадық» деді.

Неміс текті шабуылдаушының Жаңа жыл түні Боттроп қаласындағы Берлин алаңында көлігін Сирия және Ауғанстан текті босқындарға қарай айдағаны және біреуі ауыр күйде 4 адамның жарақат алуына себеп болғаны атап көрсетілді.

Жергілікті баспасөз оқиғаның артынан Эссен қаласында ұсталған шабуылдаушының нәсілшіл сөздермен босқындарды қорлағанын жариялады.

Эссен прокуратурасы және Мюнстер полициясы шабуылдың шетел дұшпандығы белгілеріне ие екенін атап көрсетті.

Шабуылдаушының оқиға алдында көлігін қаланың әртүрлі жерлерінде тағы жаяу жүргендердің үстіне айдағаны жаяу жүргендердің қашып құтылғаны алға тартылды.

Шабуылмен байланысты тергеу жұмыстары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар