2 мың 241 босқын теңізде опат болды

Биыл Жерорта теңізінде барлығы 2 мың 241 босқын опат болды.

1115132
2 мың 241 босқын теңізде опат болды

Биыл Жерорта теңізінде барлығы 2 мың 241 босқын опат болды.

Испаниядағы азаматтық көмек мекемесі Босқынға көмек Испания комитеті есеп жариялады.  Осы есепке қарағанда,  өткен жылдарға қарағанда азайса да,  Жерорта теңізінде қаза тапқан босқын саны әлі де көп.

Африка жағалауынан Еуропаға жетуге тырысқан босқындардың 2 мың 241-і биыл Жерорта теңізінде опат болды. Бұл көрсеткіш 2017 жылы 3 мың 319, 2016 жылы 5 мың 96 және 2015 жылы 3 мың 771 болатын.

Сонымен қатар 2018 жылы теңіз арқылы Африкадан Еуропаға 118 мың 423 босқын барып жеткен. Бұл көрсеткіш 2017 жылы 172 мың 301, 2016 жылы 362 мың 753 және 2015 жылы 1 миллион болатын.

2018 жылы Африкдағы босқындардың Еуропаға барар жолда Испанияны таңдағаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар