Германия ядролық қарулануға қарсы

Хайко Маас: «Ешбір шартта Еуропа қайтадан қарулануға сахна болмайды» деді.

1114500
Германия ядролық қарулануға қарсы

Германия Америка Құрама Штаттары мен Ресей арасында болуы мүмкін ядролық қарулану жарысына қарсы екенін мәлімдеді.

Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас: «Ешбір шартта Еуропа қайтадан қарулануға сахна болмайды» деді.

Маастың мәлімдемесі Вашингтон әкімшілігінің қырғиқабақ соғыс кезінде АҚШ пен Ресейге Еуропада орта дәрежеде құрлық зымырандарын орналастыруға тыйым салатын келісімнен шығып кетуі мүмкін екені жөніндегі хабарынан кейін келді.

Мәскеу де Америка Құрама Штаттары келісімнен шығып кететін болса, аймаққа ядролық зымыран орнатып, шара қолданатынын жариялаған болатын.

Ақпарат агенттіктерінің хабарына қарағанда неміс сыртқы істер министрі «Еуропада жаңа орта дәрежеде құрлық зымырандарын  орнатуға Германия қарсы шығады» деді.



Ұқсас жаңалықтар