Қытай жаңа ұшқышсыз әуе аппаратын таныстырды

Қытай Авиация мекемесі жаңа дронның сынақтан сүрінбей өткенін хабарлады.

1113964
Қытай жаңа ұшқышсыз әуе аппаратын таныстырды

 

Қытай соғыс шарттарында қолдану мақсатымен ұшқышсыз әуе аппаратын таныстырды.

Әуеде 35 сағат ұша алатын Wing Loong I-D дронының сынағы елдің батысында жүргізілді.

Қытай Авиация мекемесі жаңа дронның сынақтан сүрінбей өткенін хабарлады.

Wing Loong I-D аппараты толығымен Қытайдың отандық мүмкіндіктерімен жасалды,  оны “ақылды» қару категориясында қолдануға болады. Ол өте мықты моторы және жетілдірілген аэродинамикалық ерекшеліктерімен назар аударады.

Әсіресе іскери барлау ұшақтары үшін жобаланған ұшу аппараты 10 дана зымыран таси алады.



Ұқсас жаңалықтар