Қорғаныс министрлігіне жаңа тағайындау

Дональд Трамп Мэттистің орнына Қорғаныс министрінің орынбасары Патрик Шанаханды тағайындайтынын хабарлады.

1112254
Қорғаныс министрлігіне жаңа тағайындау

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп қызметінен кететіні жарияланған Қорғаныс министрі Джим Мэттистің орнына Қорғаныс министрінің орынбасары Патрик Шанаханды тағайындайтынын хабарлады.

Тағайындауға байланысты әлеуметтік желіден мәлімдеме жасаған Трамп былай деді: «Өте қабілетті Қорғаныс министрінің орынбасары Патрик Шанаханды жариялау – мен үшін қуанышты.  Ол 2019 жылдың 1 қаңтар күнінен бастап Қорғаныс министрі уәкілдігі атағын алады.  Қорғаныс министрі орынбасарлығы және Боингте міндет атқаратын Патриктың табыстары мол.  Керемет болады!»

Көптен бері жұмыстан кететіні алға тартылған Қорғаныс министрі Мэттис Трамптың өткен аптадағы «Сириядан кету» шешімінен кейін отставкасын берген еді. Трамп Мэттистің отставкасына байланысты әлеуметтік желіде: «Бұрынғы президент Обама Джим Мэттисті адам ұялатындай түрде қуған кезде,  мен оған екінші рет шанс бердім. Кейбірі мұны жасамауды сұрады,  бірақ жасауым керектігіне сеніп едім. Қызық байланыс, бірақ мен оған бұрын қолына тимеген мүмкіндіктерді де бердім.  Одақтастар маңызды,  бірақ Америкаға қиянат еткенде емес» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар