Әлемдік босқын келісімі қабылданды

Әлемде 25,4 миллионнан астам босқын бар.

1108851
Әлемдік босқын келісімі қабылданды

Әлемдік босқын келісімі қабылданды.Әлемдік босқын келісімі Біріккен Ұлттар Ұйымы жалпы кеңесінде 181 елдің қолдауымен қабылданды.

Америка Құрама Штаттары болса босқын және босқындарға үй иелігін жасаған елдер және жүкті бөлісуді қолдаған, сондай-ақ босқын мәселесін жаһандық деңгейде қолға алған келісімге қарсы шықты.

Әлемдік босқын келісімі 181 елдің қолдауымен қабылданды. АҚШ болса егемендік құқықтарына құрмет көрсетпеді деген сылтаумен келісімге қарсы шықты.

Әлемдік босқын келісімінде төрт нысана көзделуде. Келісім арқылы көптеген босқындарға үй иелігін жасаған елдердің үстіндегі жүктердің азайтылуы, босқындардың қоныстанған елдерде жеткілікті жәрдемдердің берілуі, үшінші елдерге кіруін және жаңа елдерге қоныстануының кеңейтілуі, сондай-ақ босқындардың өз елдеріне қайтулары үшін мүмкіндіктердің жасалуына қолдау көрсетілуі мақсат етілуде.

Біріккен Ұлттар Ұйымы жоғарғы мәртебелі басқармасының санақтарына қарағанда әлемде 25,4 миллионнан астам босқын бар.

Түркия 3,5 миллионнан астам босқындарға үй иелігін жасау арқылы әлемде ең көп босқынға үй иелігін жасаған ел қатарында орын алуда.



Ұқсас жаңалықтар