Суданда бір жылда 24 мың адам елінен көшкен

2018 жылы үйлерінен кеткендер саны 24 мыңға жетті.

1108266
Суданда бір жылда 24 мың адам елінен көшкен

Суданның оңтүстігінде үкімет жасақтары мен көтерілісшілер арасындағы қақтығысқа байланысты 2018 жылы үйлерінен кеткендер саны 24 мыңға жетті.

Судандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық көмек координация кеңсесінің есебінде осы санның 2017 жылы 10 мың,  2016 жылы болса 152 мың болғаны айтылды.

Ел көлемінде шамамен 5 миллион 500 мың адам гуманитарлық көмекке мұқтаж. Бұлардың 1 миллион 200 мыңы босқындардан тұрады.

Дарфур аймағында 2003 жылдан бері үкімет күштері мен көтерілісшілер арасында қақтығыс болып келеді.

БҰҰ деректеріне қарағанда қақтығыстарда шамамен 300 мың адам қаза тапты,  шамамен 2,5 миллион адам ел-жұртынан көшіп кетті.

Оңтүстік Судан шекарасындағы Оңтүстік Кордофан және Көгілдір Ніл штаттарында да 2011 жылдан бері үкімет жасақтары мен бүлікшілдер арасындағы шайқастар 1,2 миллион адамға зиян келтірді.

Судан халық азаттық қозғалысы-Солтүстік ұйымы 2011 жылдан бері Оңтүстік Кордофан және Көгілдір Ніл штаттарының тәуелсіздігі үшін қарулы күрес жүргізіп келеді.



Ұқсас жаңалықтар