АҚШ тергеуге алған орыс әйел тыңшы екенін мойындады

Ресей атынан тыңшылық айыбымен тергеуге алынған Мария Бутина сот алдында тыңшы екенін мойындады.

1106764
АҚШ тергеуге алған орыс әйел тыңшы екенін мойындады

Америка Құрама Штаттарында Ресей атынан тыңшылық айыптауымен шілде айында тергеуге алынған Мария Бутина Вашингтонда шығарылған сот алдында айыбын мойындады.

Amerikan Politico газетінің хабарына қарағанда Бутина өзі жайлы айыптауларды мойындап, прокуратурамен ынтымақтастық жасауды қабылдаған соң Вашингтон Федеральдық сот төрешісінің алдына шығарылды.

Сотта айыптауды мойындаған Бутина орыс үкіметі атынан американдық саясат қайраткерлері жайлы ақпарат жинау арқылы жеке қарулануды шектеуге қарсы ұстанымымен ел ішінде пікірталастарға жол ашқан Ұлттық мылтық қоғамы сияқты мекемелерге ендеп енуге әрекет жасағанын атап көрсетті.

Прокуратура Бутинаның Ресей президенті Владимир Путинмен байланысты бұрынғы бір орыс депутат тарапынан бағытталғанын алға тартты.

Бутинаның қорғушысы болса клиентінің АҚШ-қа студент ретінде барғанын және АҚШ саясатына АҚШ-Ресей қарым-қатынастары тақырыптарына қызыққанын атап көрсетті.

АҚШ-тағы жұмыстарында өзін «жеке қарулану құқығы активисті ретінде» танытқанын атап көрсеткен 30 жасар әйелдің сотының жалғасатыны және осы кезеңде қамауға алынатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар