АҚШ ұшағы Жапонияда соғылысты

АҚШ ұшақ апатында жоғалған 5 кісінің қаза тапқанын хабарлады

1104679
АҚШ ұшағы Жапонияда соғылысты

 

Америка Құрама Штаттары Жапонияның Ивакуни Теңіз жаяу әскерлері корпусының Әуе базасында орналасқан КС-130 типті май құюшы ұшағы мен Ф/А-18 типті соғыс бомбалаушы ұшағының өткен апта жаттығу ұшуы кезінде әуеде соғылысуы себепті жоғалып кеткен 5 экипаждың қаза тапқанын хабарлады.

Америка Құрама Штаттарының Теңіз жаяу әскерлері қолбасшылығы 6 желтоқсанда Ф/А-18 типті соғыс бомбалаушы ұшағымен соғылысқан КС-130 типті май құюшы ұшағында жоғалып кеткен 5 экипаждың қаза тапқанын және іздеу-құтқару жұмыстарының аяқталғанын жариялады.

Ұшақ апатында жоғалып кеткен 5 экипаждың аты-жөнінің жанұяларына хабар берілгеннен кейін жарияланатыны білдірілді.

Жапонияның мөлшермен 320 километр алыстағы су айдынында болған ұшақ апатының артынан іздеу-құтқару жұмыстары нәтижесінде құтқарылған 2 экипаждың біреуі де қайтыс болған.


Этикеттер: #АҚШ , #ұшақ , #апат , #Жапония

Ұқсас жаңалықтар