Макрон келер апта мәлімдеме жариялайды

Францияда кешегі оқиғаларда 135 адам жараланды, 1723 адам ұсталды

1103401
Макрон келер апта мәлімдеме жариялайды

 

Францияда үкімет мәлімдемешісі Бенджамин Грэхэм Президент Эммануэль Макронның  келер апта өте маңызды бір мәлімдеме жасайтынын хабарлады.

LCI телеарнасына сұхбат берген Бенджамин Грэхэм  мәлімдеменің нақты уақыты мен мазмұнына байланысты түсініктеме жасамады.

Сонымен бірге Франция Экономика министрі Бруно Ли Майр Сары камзол протесттерінің елдің экономикасы үшін үлкен апат болғанын айтты.  

Франция Сары камзолдылардың кешегі ереуілінен кейін бүгін тыныш бір күн өткізді.

Францияда жыл басынан бастап артқан жанармай бағасы себепті 17 қазанда протест еруілдері басталған, артынан протесттер көлемді қарсылық шерулеріне айналған болатын.

Макрон үкіметінің кері қадам басқанына қарамай, Сары камзолдылар кеше де Франция көшелерін толтырып ереуілге шықты. Оқиғаларда 135 адам жараланды, 1723 адам да ұсталды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар