Кеме сатып алу үшін халықтан жылу жинайды

Грекия әскери кеме алу үшін халықтан ақша жинайды.

1102169
Кеме сатып алу үшін халықтан жылу жинайды

Грекия әскери кеме алу үшін халықтан ақша жинайды.

Қорғаныс министрі Панос Камменов грек флотына жаңа әскери кеме алу үшін көмек есепшотын ашып,  халықтан жылу жинайтындарын білдірді.

Қорғаныс министрі теңізшілердің пірі деп есептелген Әзіз Никола күнінде Флот академиясындағы жиынға қатысты.  Министр осында Грекияның Жерорта теңізі елдерімен бірге энергия орталығы және өндірушісі болатынын алға тартты.  «Бұл бізді егемендік құқықтарымызды қорғау және аймақта қауіпсіздікті нығайту үшін мықты флоттық күшке ие болуға мәжбүр етеді» деді ол.

«Алайда елімізге  қайырымдылықпен айналысатындар керек. Жаңа фрегат және кемелер алып,  флотымызды нығайту үшін грек халқын 2019 жылдың 1 қаңтар күні ашылатын есепшотқа ақшалай көмек беруге шақырамын» деді.

Қорғаныс министрі аталмыш есепшотқа бірінші болып өзі айлығынан ақша бөлетінін айтты.

Экономикалық дағдарыстан шығуға тырысқан Грекия жылына 5 миллиард евро ақшаны әскери мақсатта жұмсайды.



Ұқсас жаңалықтар