28 мың сириялық босқын еліне қайтқан

Сириялықтардың көбі еліне қайтуды жоспарлап отырған жоқ.

1100427
28 мың сириялық босқын еліне қайтқан

Иордания мен Сирия арасындағы шекара қақпасы ашылғаннан кейін 28 мың сириялық босқын еліне қайтты.

Иордания Ішкі істер министрлігіне қарасты Босқындар басқармасының деректеріне қарағанда,  қазан айында ашылған қақпадан 28 мың сириялық босқын еліне оралды.

Ал Иорданияда БҰҰ Миграция комиссариатына тіркеулі 674 мың сириялық босқын тұрады.

Комиссариат сириялық босқындардың еліне оралуы талаптарына байланысты сауалнама жүргізіп, соңғы 3 сауалнамада сириялықтардың көбінің 12 ай ішінде қайтуды жоспарламағаны ортаға шықты.

Босқындардың 8 пайызы ғана елдеріне келесі жылы оралуды жоспарлап отыр.

Иорданияда жалпы 1,3 миллион Сирия азаматы тұрады.  Олардың жартысында «босқын» мәртебесі бар.



Ұқсас жаңалықтар