АҚШ президенті Қытай және Ресей басшыларымен бас қоса алатынын жариялады

"Баршаны мазалайтын қару жарысын мағыналы түрде тоқтатуды талқылай алатынымызға сенемін".

1099915
АҚШ президенті Қытай және Ресей басшыларымен бас қоса алатынын жариялады

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп «қарулану жарысын» тоқтату үшін Қытай Халық Республикасы мемлекет басшысы Си Цзиньпин және Ресей Федерациясы президенті Владимир Путинмен бас қоса алатынын мәлімдеді. АҚШ президенті Трамп Twitter парақшасынан «қарулану жарысы» тақырыбында ақпарат бөлісті.

Трамп «Алдағы уақытта президент Си Цзиньпин және президент Владимир Путинмен бас қосып, осы үлкен баршаны мазалайтын қару жарысын мағыналы түрде тоқтатуды талқылай алатынымызға сенемін. АҚШ ағымдағы жылы (осы жарысқа) 716 миллиард доллар жұмсады. Есуастық!» деді.

Көптеген мәлімдемесінде АҚШ армиясының күші мен үлкендігі жайлы сөз қозғаған және өз әкімшілігінің армияға ең көп бюджетті бөлген әкімшілік екенін тілге тиек еткен Трамптың осы бағалауы АҚШ медиасында басқаша пайымдарға жол ашты.

Кейбір жаңалықтарда Трамптың жолдамасының «шынайы» болмағаны және президенттің әскери бір стратегияға ие емес екені атап көрсетілді.

АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттиске Пентагонда болып өткен бір рәсім алдында Трамптың мәлімдемесі жайлы сұрақ қойылды.

Мэттис Трамптың мәлімдемелері жайлы мәлімдеме жасаудан бас тартты.

Пентагонның 2019 жылғы бюджеті 717 миллиард доллар ретінде белгіленіп, президент Трамп тарапынан бекітілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар