Сенбі күні Праиждегі үлкен шеруге шақыру

Францияда жанармай бағаларын протест еткен «Сары көкірекшелілер» сенбі күні Парижде үлкен шеру ұйымдастырмақ.

1097146
Сенбі күні Праиждегі үлкен шеруге шақыру

«Сары көкірекшелілер» үкіметпен келіссөздерді жүргізу үшін құрылған делегацияның мәлімдемешілерінен Эрик Дроует француздарды сенбі күні Париждің Champs-Elysees даңғылында ұйымдастырылатын үлкен шеруге шақырды.

«Сары көкірекшелілер» атынан Эрик Дроует пен Приссилия Лудоский кеше Қоршаған орта министрі Франсуа де Ругимен болып өткен кездесумен байланысты мәлімдеме жасады.

Дроует осы кездесу арқылы үкіметпен тұңғыш рет байланыс құрғандарын атап, жолдамаларын үкіметке жеткізгендерін атап көрсетті.

«Сары көкірекшелілер» елдің көптеген қаласында шерулерін жалғастыруда.

Полиция елдің батысындағы Сан-Назайре қаласында әкімшілік алдында жиналған шамамен 200 адамды тарқату үшін газ қолданды.

«Сары көкірекшелілер» атымен ұйымдасқан ереуілшілер соңғы 1 жылдың ішінде жанармай бағалары 20 пайыздан астам артқан соң 10 күннен бері ел көлемінде шерулер ұйымдастыруда.

Ел көлеміндегі шерулер кезінде екі адам қаза тауып, 141 қауіпсіздік қызметкері барлығы 780 адам жарақат алған, 794 адам тергеуге алынып, 9 адам сотталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар