Кельн қаласында 1 тонналық бомба табылды

Германияның Кельн қаласында Екінші дүниежүзілік соғыстан қалып кеткен жарылмаған бомба табылды.

1097231
Кельн қаласында 1 тонналық бомба табылды

Полл аумағында бір тонналық АҚШ өнімі бомбаның залалсыздандырылуы үшін 1 шақырымдық алаңда өмір сүрген 10 мың адам эвакуацияланды.

Қауіпті аймаққа жақын белгілі A4 автожолы көлік қатынасына жабылды.

Аймақтың көше мен даңғылдарының көлік қатынасына жабылуы үлкен кемшіліктерге жол ашып, қоғамдық көліктер мен пойыз қатынасы тоқтатылды.

Аталмыш бомба мамандар тарапынан залалсыздандырылды.



Ұқсас жаңалықтар