Израиль әскерлері 16 палестиналықты тергеуге алды

Израиль басқыншылығында болған Батыс Шерияда әскерлер 16 палестиналықты тергеуге алды.

1096505
Израиль әскерлері 16 палестиналықты тергеуге алды

Израиль армиясы жасаған мәлімдемеге қарағанда Батыс Шерияның әртүрлі аймақтарында түнгі уақытта жасалған операцияларда «лаңкестік әрекеттерге қатысы бар екені» алға тартылған 16 палестиналық тергеуге алынды.

Мәлімдемеде тергеуге алынған палестиналықтардың түсініктемелерін алу үшін аймақтағы тергеу орталығына апарылғаны атап көрсетілді.

Басқыншылық астындағы Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимде үйлерге жиі операция жасаған Израиль күштері әртүрлі қауесеттермен палестиналықтарды тергеуге алады.

Палестина ресми ақпарат көздеріне қарағанда Израиль түрмелерінде шамамен 6 мың 500 палестиналық бар.

Израиль сондай-ақ «әкімшілік тергеу» деп аталған процеспен палестиналықтарды барлау сылтауымен 1 мен 6 ай арасында тергеуде ұстай алады.

Тұтқынның «Израиль қауіпсіздігіне қауіп төндіргені» жайлы шешім қабылданған жағдайда әскери төреші айып тақпай тұтқындау мерзімін 5 жылға дейін соза алады.



Ұқсас жаңалықтар