«Мьянманың Аракандық мұсылмандарға жасаған зұлымының кешірімі жоқ»

Американ Нъю Йорк Таймс газетінің Ақпарат кеңесі «Мъянманың Аракандық мұсылмандарға жасаған зұлымының кешірімі жоқ» деген тақырыппен мақала жариялады.

1094158
«Мьянманың Аракандық мұсылмандарға жасаған зұлымының кешірімі жоқ»

Американ Нъю Йорк Таймс газеті Аракандық мұсылмандарға жасалған залымдықтың жалғасып жатқанын, Мъянмадағы генералдер мен одақтастарының қажетті қадамдарды басуға мәжбүр қалуына байланысты жұмыстану керектігін білдірді.

Американ Нъю Йорк Таймс газетінің Ақпарат кеңесі «Мъянманың Аракандық мұсылмандарға жасаған зұлымының кешірімі жоқ» деген тақырыппен мақала жариялады.

Газеттің мақаласында «Отаны жоқ Аракандық мұсылмандарды Мъянмаға қайтару жоспары қазірге тоқтатылды. Алайда, зұлымдық пен әділетсіздік әлі жалғасып жатыр» деген бағаландыру жасалды.

Бангладеш пен Мъянма үкіметтері арасында қол қойылған еліне кері қайту келісіміне Біріккен Ұлттар Ұйымы және ондаған адам құқықтары ұйымдарының қарсы шығып отырғаны атап көрсетілген мақалада «Аталмыш келісім, етникалық тазалау нысанасына алынған Аракандық мұсылмандарға бұрынғыдан жақсы қарау туралы сенім беріп отырған жоқ» делінді.

Мақалада «Аракандық мұсылмандардың жағдайы әлемдегі ең ауыр әділетсіздіктер арасында орын алып отыр.  Мъянма үкіметі Будисттер көпшілігін құрайтын Мъянма территориясындағы Аракандық мұсылман аз сандыларға жасаған зұлымдығына сылтау табу мақсатымен тарихтағы өшренділікті қайта өршітті және тарихты бұрмалады» деп жазылды.

Мақалада қылмыстылардың Халықаралық Жаза Сотында жазалануы, оларға шектеме қойылуы, саяхатқа шығулары шектелуі, мал-мүлкінің мұздатылуына байланысты шақырулар тасталды.



Ұқсас жаңалықтар