Дизель көліктерге тыйым салынды

Германияда сот дизель отынымен жүретін көліктерге тыйым салуға шешім берді.

1089180
Дизель көліктерге тыйым салынды

Германияда  Гильсенкирхен әкімшілік соты 2019 жылдың шілде айынан бастап Эссен және Гильсенкирхен қалаларында ескі дизель отынымен жүретін көліктерге тыйым салуға шешім берді.

Осы шешім Эссен қаласынан өтетін Рухр аймағының ең маңызды автожолдарының бірі А40-қа да әсер етеді.

Аталмыш тыйым аясына енген көліктер осы жолдың кейбір жерін қолдана алмайды.

Соттың шешіміне орай, аталмыш аймақтарда тыйым EURO 4 дизель отынымен жүретін көліктер үшін 2019 жылдың шілде айынан,  EURO 5 отынымен жүретін көліктер үшін 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап күшіне енеді.

Өткен аптада да Кельн әкімшілік соты 2019 жылдың 1 сәуір күнінен бастап Кельн және Боон қала орталықтарында ескі дизель көліктердің жүруіне тыйым салған болатын.



Ұқсас жаңалықтар