Тұтқындағылардың көбі - есірткі қылмыстысы

Иран Сот билігінің басшысы түрмедегі проблемаларға тоқталды.

1086592
Тұтқындағылардың көбі - есірткі қылмыстысы

Иран Сот билігінің басшысы Садык Ларижани елдегі тұтқындағы азаматтардың 70 пайызының есірткі қылмыстысы екенін айтты.

Ларижани Тегеранда өткен Жоғары Сот кеңесі жиналысында түрмедегі проблемаларға тоқталды.

Түрмедегі тұтқындардың 70 пайызының тікелей немесе жанамалай есірткі қылмыстысы екенін айтқан Ларижани осы тақырыпқа шешім табу керектігін тілге тиек етті.

Сот басшысы қылмыстылардың қоғам мен елдің қауіпсіздігіне зиян келтіруінің алдын алу үшін тұтқындалғанын білдірді.

Ларижани түрмеге балама ретінде келтірілетін шешімнің елдегі қылмыс көрсеткішін азайтатынын да атап айтты.  



Ұқсас жаңалықтар