Кабулда жанкешті шабуыл жасалды

Кабулдағы протест шеруін нысанаға алған жанкешті шабуылда алғашқы мағлұматтарға қарағанда 6 адам қаза тапты.

1086176
Кабулда жанкешті шабуыл жасалды

Ауғанстанда Талибанның Газна уәлаятына қарасты Джагури ауданына бағытталған шабуылында 10 әскер, барлығы 25 адам қаза тапты.

Газна полиция мәлімдемешісі Ахмад хан Сират шабуылда 6 әскер мен 8 жазықсыз адамның жарақат алғанын атап, аймаққа қосымша қолдау күші жіберілгенін атап көрсетті.

Газна Қалалық Мәжіліс уәкілі Халикдад Акбари болса шабуыл нәтижесінде 27 әскердің қаза тапқанын атап көрсетті. Жазықсыз адам шығынының 20-дан асқаны білдірілді.

Ауғанстанның бас қаласы Кабулда болса протест шеруіне шыққанды нысанаға алған жанкешті үстіндегі бомбаны жарды. Шабуылда алғашқы мағлұматтарға қарағанда 6 адам қаза тапты.

Ішкі істер министрлігі мәлімдемешісі Наджиб Даниш шабуылдаушының үстіндегі бомбаны президенттік сарайдың маңында протест шеруіне шыққан қалың жұрттың арасында жарғанын білдірді.

Даниш шабуылда 10 адамның да жарақат алғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар