Әуе шабуылында 14 ДАИШ-тік террорист залалсыздандырылды

Ирактың Мосул қаласында террор ұйымы ДАИШ нысаналарына жасалған әуе шабуылында 14 террорист залалсыздандырылды.

1085626
Әуе шабуылында 14 ДАИШ-тік террорист залалсыздандырылды

Ирак Ортақ операциялар күші қол басшылығы мәлімдемешісі генерал-майор Яхия Расул АҚШ басшылығындағы коалиция күштеріне тиесілі соғыс ұшақтарының Мосулдың батысындағы Адшана Тауында ДАИШ террор ұйымына тиесілі нысаналарды жойғанын мәлімдеді.

Расул нысаналардың түрікмендер өмір сүрген Телафар ауданына жақын екенін атап, шабуылда 14 адамның залалсыздандырылғанын атап көрсетті.

Шабуылдың артынан Ирак қауіпсіздік күштерінің бомбаланған террор нысаналарына кіргенін тілге тиек еткен Расул 3 базаның толығымен жермен-жексен болғанын жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар