Иран Помпеоның сөздеріне жауап қайтарды

Иран Сыртқы істер министрлігі АҚШ Мемлекеттік хатшысының сөздерін сынға алды.

1078567
Иран Помпеоның сөздеріне жауап қайтарды

Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Бехрам Касыми АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның елімен байланысты жасаған мәлімдемелерінің «шатастырушы және жағымсыз» екенін атап айтты.

Бехрам Касыми министрліктің ресми парақшасынан жарияланған мәлімдемесінде АҚШ-тың Иранға қарсы психологиялық соғыс жүргізгісі келгенін білдірді.

Касыми Иран экономикасымен байланысты Помпеоны сынға алып, АҚШ-тың аймақтағы Иранға қарсы жоспарының жаңа еместігін атап көрсетті.

Касыми Иран экономикасының терроризммен күрес және басқа жаңалықтарға қарамастан «8 пайыз өскенін» айтып, «АҚШ мекемелері Иранға бағытталған санкцияларда бүкіл әлемнің наразылықтарын жасыру үшін психологиялық соғыс жүргізеді. АҚШ осы стратегиялық қателіктерді артта қалдырған 40 жылдық мерзімде әрдайым жасады және табыссыз болды» деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео санкциялармен Иран экономикасын әлсіреткендерін және Тегеран әкімшілігінің аймақта бұрынғыдай белсенділік таныта алмағанын мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар