Сирияда Атазаңы комитеті құру процесі жылдамдатылады

Түркия, Ресей және Иран БҰҰ Сирия арнайы өкілдігімен бірге Сирияда Атазаңы комитеті құру жұмыстарын жылдамдату тақырыбында келісті.

1075380
Сирияда Атазаңы комитеті құру процесі жылдамдатылады

Түркия, Ресей және Иран БҰҰ Сирия арнайы өкілдігімен ортақ Сирияда Атазаңы комитеті құруға бағытталған жұмыстарды жылдамдату тақырыбында келісті.

Ресей Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ресей, Түркия және Иран сыртқы істер министрі орынбасарларының Сирия мәселесімен байланысты кеше Мәскеуде Астана форматында бір жиналыс өткізгенін еске салды.

Жиналыста Сирияда майдандағы жағдайдың терең қолға алынғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Сочиде болып өткен Сирия Ұлттық келіссөз конгресінде қабылданған шешімдер бағытында Атазаңы комитетінің құрылуына бағытталған жұмыстардың басталуымен байланысты тақырыптар талқыланды. Түркия, Ресей және Иран барлық сириялықтардың мүддесін назарға ала отырып, БҰҰ Сирия арнайы өкілдігімен координациялы түрде Атазаң комитетін құру жөніндегі жұмыстарын жылдамдату тақырыбында келісті» делінді.



Ұқсас жаңалықтар