Ұлыбритания, Франция және Германиядан ортақ декларация

Ұлыбритания, Германия және Франция сауд текті журналист Джемал Кашыкчының өлтірілуі жайлы ортақ декларация жариялады.

1073047
Ұлыбритания, Франция және Германиядан ортақ декларация

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джереми Хант, Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас және Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан Сауд Арабиясының журналист Джемал Кашыкчының өлтірілуімен байланысты мәлімдемесіне қатысты бір декларация жариялады.

Кашыкчының Сауд Арабиясының Стамбұл Бас консулдығында жабайы түрде өлтірілгені жайлы қауесеттің ұзақ уақыттан бері алаңдатқаны, осының расталуының одан да өкінішті екені атап көрсетілген декларацияда, «Ешбір себеп бұл қастандықты орынды көрсетпейді және мұны ең мықты түрде айыптаймыз» делінді.

Сауд Арабиясының алғашқы мағлұматтарды бөліскен мәлімдемесін тіркейміз» делінген декларацияда «Дегенмен 2 қазан күнгі оқиғаны толығымен айқындау керек. Сауд тергеуінде қазірге дейін ұсынылған гипотезалардың сенімді болуы үшін дәлелдермен күшейту қажет. Шындықтың жан-жақты, тұнық және сенімді түрде ортаға шығару үшін талпыну керектігіне назар аударамыз. Не болғаны жайлы одан көп мәлімдеменің сенімділігіне және мұндай ұятқа қалдыратын бір оқиғаның ешқандай қайталанбайтыны жөнінде сенімімізге қарап нақты шешім қабылдаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар