Идлибте әскери оппозицияның майданнан шегінуі басталды

Шегіну процесі Түркия мен Ресей арасында Сочиде қол қойылған келісім аясында жүзеге асуда.

1063780
Идлибте әскери оппозицияның майданнан шегінуі басталды

Түркия мен Ресей арасында Сочиде жасалған келісім аясында Сирия оппозициясының әскери қанаты Идлибтегі майдан желісінен ауыр қаруларымен бірге шегіне бастады.

Еркін Сирия армиясы құрамындағы Сирия Ұлттық еркіндік майданы мәлімдемешісі Наджи Мұстафа әскери оппозиционерлердің Сочи келісімі бағытында Идлибтегі майдан желісінен ауыр қаруларды шығара бастағанын жариялады.

Башар Асад режимінің жасауы ықтимал шабуылдарына қарсы майдан желісіндегі жеңіл қарулардың, қалатынын, ор қазып, қорғаныс бекіністері ашу жұмыстарының жалғасатынын атап көрсеткен Мұстафа «Ауыр қарулардың шығарылуы түрік лауазымдыларының ұйымдастыруымен жүзеге асуда» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Тегеранда 7 қыркүйек күні ұйымдастырылған саммиттегі ұсынысымен Ердоған мен Путин 17 қыркүйекте Сочи қаласында атысты тоқтату бітімін қорғау және күшейту үшін қосымша шаралар тақырыбында келіскен болатын.

Келісім 15 қазан күніне дейін 15 пен 20 шақырымдық бір желіде қарусыз бір аймақ құруды, бақылау қызметінің түрік және орыс әскерлерінің бірге жүргізуін қамтиды.



Ұқсас жаңалықтар