Сирияға қорғаныс жүйесі тапсырылды

Бұл туралы Сергей Шойгу мәлім етті.

1061127
Сирияға қорғаныс жүйесі тапсырылды

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Сирияға S-300 әуе қорғаныс зымыран жүйесін тапсырғандарын білдірді.

Шойгу Ресей президенті Владимир Путин басшылығында өткен Қауіпсіздік кеңесі жиналысында орыс әскерлерінің Сириядағы қауіпсіздігін арттыру мақсатында қабылданған шараларды жариялады.

Сирияға әуе қорғаныс жүйесі табысталғанын білдірген министр: «S-300 зымырандарын табыстадық. Сонымен бірге 49 түрлі әскери техникалық жабдық та берілді» деді.

Өткен ай Жерорта теңізінің үстінде Сирияда барлау қызметін атқарған орыс ұшағы құлатылған болатын.

Ресей осы оқиғаға байланысты Израиль әуе күштерін айыптап,  Сириядағы орыс әскерлерінің қауіпсіздігін арттыру үшін Асад әкімшілігіне беруден бас тартылған әуе қорғаныс жүйесін беретінін білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар