Газа секторында жанұялардың 89 пайызы таза ауыз суына мұқтаж
Газа секторында кезкелген 10 жанұяның бірі ғана таза ауыз суына қол жеткізе алуда.
Палестина Статистикалық мекемесі тарапынан жарияланған рапортта Газа секторында жанұялардың тек қана 11 пайызының қауіпсіз ауыз суына қол жеткізе алғаны, осы көрсеткіштің кезкелген 10 жанұядан біріне тең келгені атап көрсетілді.
Израиль қоршауындағы Газа секторында теңіз, жерасты және канализация суының бірі-біріне араласқаны себепті қауіпсіз ауыз суы тақырыбында қиыншылықтар бар.
Рапортта Батыс Шериядағы жанұялардың болса 95 пайызының қауіпсіз ауыз суы резервтеріне қол жеткізе алғаны атап көрсетілді.
Палестинада (Батыс Шерия мен Газа секторы) жанұялардың 62 пайызының қауіпсіз ауыз суына жақын қоныстанғаны атап көрсетілген рапортта қалаларда 58, ауылдық аймақтарда 94 және босқын лагерлерінде 44 пайыз адамдардың қауіпсіз түрде ауыз суына қол жеткізе алғанына назар аударылған.