Израиль әскерлері оқ жаудырды

20 палестиналық жарақат алды.

1057824
Израиль әскерлері оқ жаудырды

Израиль әскерлерінің басқыншылығы астындағы Батыс Шерияда 20 палестиналық жарақат алды.

Батыс Шерияның Наблус қаласында бір діни жиын үшін бас қосқан еврей қоныстанушыларды қорғау сылтауымен барған Израиль әскерлері төңіректегі палестиналықтарға оқ жаудырды. Израиль әскерлері шын оқ қолданып,  20 адам жарақат алды.

Жеткен хабарларға қарағанда жарақат алғандардың екеуі – журналист.

Жарақат алған азаматтар Рифидя ауруханасына жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар