Мадуроның жұбайына санкция

АҚШ Қазына министрлігі жаңа тізім жариялады.

1056812
Мадуроның жұбайына санкция

Америка Құрама Штаттары Қазына министрлігі Венесуэла мемлекет басшысы Николас Мадуроның жұбайы және жақындарына санкция шешімін қабылдады.

Министрліктің «Венесуэланың байлығын талан-таражға салу және Мадуроның билігін жалғастыруына көмектесу» айыптауларымен нысанаға алынған тізімде мемлекет басшысының адвокат жұбайы Флорес де Мадуромен бірге мемлекет басшының орынбасары Гомез, Қорғаныс министрі Лопес және Коммуникация басшысы Родригез Гомез орын алған.

Қазына министрлігінің интернет парақшасында жарияланған санция тізімінде айырықша атақты бір тұлғаның 20 миллион долларлық ұшағы да бар.

Мадуро АҚШ-тың шешіміне қатаң наразылық білдірді.  



Ұқсас жаңалықтар