Германия канцлері Ангела Меркель Идлиб келісіміне риза

Стаффан Сейберт Германия канцлерінің Ресей президенті Путинге телефон шалғанын мәлімдеді.

1053001
Германия канцлері Ангела Меркель Идлиб келісіміне риза

Германия канцлері Ангела Меркель Түркия мен Ресейдің Сирияның Идлиб аймағына бағытталған келісіміне ризашылығын білдірді.

Германия үкімет мәлімдемешісі Стеффан Сейберт канцлер Ангела Меркельдің кеше Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы әңгімелескенін еске салып, Сирия және Украинаның шығысындағы жағдайды қолға алғандарын білдірді.

Сириямен байланысты Ресей президенті Владимир Путин мен президент Режеп Тайып Ердоған арасында 17 қыркүйек күні «Идлиб аймағында қарулардан тазаланған бір аймақты құру жөніндегі келісімнің» артынан басталған кезең жайлы айтқан Сейберт «Канцлер Меркель әскери дағдарыстың тоқтауы мен жазықсыз адамдарды қорғау жөніндегі талпыныстарға ризашылығын білдіреді» деді.

Сейберт екі басшының Украинамен байланысты болса Минск келісімінің жылдам және толық түрде іске асырылу керектігіне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар