АҚШ-тағы дауыл салдарынан қаза тапқандар саны 17-ге шықты

«Флоренс» атты алапат дауыл салдарынан қаза тапқандар саны 17-ге көбейді.

1050580
АҚШ-тағы дауыл салдарынан қаза тапқандар саны 17-ге шықты

Америка Құрама Штаттарының шығыс жағажайына ықпал жасаған «Флоренс» атты алапат дауыл салдарынан қаза тапқандар саны 17-ге көбейді.

Лауазым иелері Солтүстік Каролинада 11, Оңтүстік Каролинада да 6 адамның опат болғанын хабарлады.

Қаза тапқандардың ең соңғысының 3 айлық сәби екені және өмір сүрген үйдің үстіне ағаштың құлауы салдарынан көз жұмғаны білдірілді.

Алапат дауыл салдарынан көптеген үй судың астында қалды.

Лауазым иелері Солтүстік және Оңтүстік Каролинада сел апатына қарсы дайын болуы керектігі жөнінде ескерту жасады.

Флориданың оң жағалауында Гордон тропикалық дауылы екпінін күшейтіп келеді. Мәліметтер бойынша,  Луизина штатына да қауіп төніп тұр. Себебі, дүлей дауыл Мексика бұғазына қарай бет алған.



Ұқсас жаңалықтар