Германия католик шіркеуінде сексуалды скандал

Германияда 1 мың 670 дін қызметкері сексуалды сипатта қылмыс жасаған.

1049779
Германия католик шіркеуінде сексуалды скандал

Германияда 3 мың 677 адам католик шіркеуі дін қызметкерлерінің тарапынан сексуалды зорлық-зомбылыққа тап болған.

Германияда 1 мың 670 дін қызметкері 1946 жылдан 2014 жылға дейін 3677 адамға қатысты сексуалды сипатта қылмыс жасаған. Бұл оқиға ел көлемінде үлкен наразылыққа душар болды.

Жапа шеккендердің басым көпшілігі--кәмелет жасына толмаған ұл балалар. Неміс епископтары конференциясының тапсырмасымен өткізілген 350 беттік зерттеуді үш неміс университеті ұйымдастырған. Құпия құжатты 25 қыркүйекте кардинал Рейнхард Маркс таныстырады деп жоспарланып отыр.


Этикеттер: #Германия , #неміс

Ұқсас жаңалықтар