Жапонияны шайқаған "Жеби" тайфунында 11 адам қаза тапты

Тайфунның салдарынан Кансай халықаралық әуежайы су астында қалды.

1043895
Жапонияны шайқаған "Жеби" тайфунында 11 адам қаза тапты
japonya jebi tayfunu.JPG
japonya jebi tayfunu2.jpg
japonya jebi tayfunu1.jpg

Жапонияны шайқаған «Жеби» атты тайфунның салдарынан қаза тапқандар саны 11-ге ұласты.

Елде кешеден бері жалғасқан соңғы 25 жылдың ең жойқын тайфунында 300-ден астам адамның жарақат алғаны білдірілді.

Қаза тапқандар саны артқаны себепті аймақтағы 2 миллион адамды эвакуациялауға шешім қабылданды.

Күші сағатына 200 шақырымға ұласатын жел ағаштарды қопарып, жағалаудағы толқын бар затты мұхитқа алып кетті.

Қарқынды желдің күшімен жүздеген көлік сынып, кейбір кемелер құрлыққа шықты.

Тайфунның салдарынан Кансай халықаралық әуежайы су астында қалды.

Рейстер тоқтаған әуежайдағы 3 мың жолаушы паромдармен эвакуацияланды.

Желдің күшінен бақылаудан шыққан бір жанармай танкері әуежайды Осакадағы Изумисано қаласына байланыстырған көпірге соқтығысты.

Апаттан теміржолы және трасса қатынасы үзіліп, мыңдаған жолаушы әуежайда қонуға мәжбүр болды.

Әуе қатынасына жабылған әуежайда кейбір бөлімдеріне электр қуаты беріле алмайды. Халықаралық әуежайдың қашан әуе қатынасына ашылатыны белгісіз.



Ұқсас жаңалықтар