АҚШ Аргентинаға қолдауын жалғастырады

АҚШ президенті Аргентина президенті Маурисио Макримен телефонда сөйлесті.

1043592
АҚШ Аргентинаға қолдауын жалғастырады

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп елінің экономикалық дағдарыстағы Аргентинаға көмек беретінін айтты.

Трамп Ақ Үйдің ресми парақшасынан хабарлама жариялап,  Аргентина президенті Маурисио Макримен телефонда сөйлескенін білдірді.

Елінің қиын кездегі Аргентинаға мықты қолдауын жалғастыратынын білдірген Трамп: «Аргентина – АҚШ-тың көптен бергі стратегиялық серігі және НАТО тысындағы маңызды одақтасы.  Президент Макри экономикалық және қаржы жағынан қиын осы жағдайда керемет іс тындырып жатыр. Президент Макридің басшылығына сенемін және Аргентинаның қазіргі экономикалық проблемаларын шешу үшін IMF –пен жұмыс істеуіне қолдау беремін» деді.

IMF Аргентинаның талабына сай елге 50 миллиард доллар қарыз беруді көздеген үш жылдық келісімді маусым айында бекіткен болатын.

Аргентина 1956 жылы құрылғаннан бері осы ұйыммен 39 келісімге отырған.



Ұқсас жаңалықтар