Нетаньяху Сирия мен Иранды шабуылмен қорқытты

Израиль премьер-министрі Сириядағы Асад режимі мен Иранға тиесілі нысаналарды жоюмен қорқытты.

1040101
Нетаньяху Сирия мен Иранды шабуылмен қорқытты

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Сириядағы Асад режимі мен Иранға тиесілі нысаналарды жоюмен қорқытты.

Израиль газеті Йедиот Ахраноттың хабарына қарағанда Димона атом реакторына бұрынғы президент Шимон Перестің есімін атаумен байланысты ұйымдастырылған ресми рәсімге қатысқан Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Асад режимі мен Тегеран әкімшілігі арасында қол қойылған әскери  ынтымақтастық келісімі жайлы мәлімдеді.

Иран мен Сирия арасында жасалған ешбір келісім және қорқытудың өздеріне бас тартқыза алмайтынын атап көрсеткен Нетаньяху «Израиль армиясы Иранның Сирияға әскер мен жетілген технологиялық қару жүйелерін қоныстандыру бастамасына қарсы мықты және тұрақты түрде шаралар қолданады» деді.

Иран Қорғаныс министрі Әмір Хатеми өткен апта Дамаскіге сапарлай барып, осында екі ел арасында әскери ынтымақтастық тақырыбында бір келісімге қол қойған болатын.

Иранның жартылай ресми хабар агенттігі Таснимге қарағанда Хатеми аталмыш келісімнің ирандықтардың Сириядағы болмысын жалғастыратынын атап көрсеткен еді.



Ұқсас жаңалықтар