Израиль әскерлері палестиналық жасты жаралады

Израиль полициясы қорғаған еврей тұрғындар Әзірет Юсуфтың кесенесіне басқын жасады.

1038935
Израиль әскерлері палестиналық жасты жаралады

Басқыншылық астындағы Батыс Шериядағы Әзірет Юсуфтың кесенесіне басқын жасаған еврей тұрғындар мен палестиналықтар арасында қақтығыс шықты.

Израиль әскерлерінің қорғауында көптеген еврей тұрғын Израиль басқыншылығындағы Батыс Шерияның Наблус қаласының шығысындағы Әзірет Юсуфтың кесенесіне басып кірді.

Еврей тұрғындарға наразылық көрсеткен палестиналықтар мен Израиль әскерлері арасында шыққан қақтығыста әскерлердің нағыз оқ қолдану салдарынан палестиналық бір жас жарақат алды.

Палестиналық жас ауруханаға жеткізілді. Еврей тұрғындар Әзірет Юсуфтың кесенесін жиі басып алып, осында діни салттарын орындауы аймақта дағдарысқа жол ашады.



Ұқсас жаңалықтар