Мысырдағы кешегі жанкешті шабуылды ДАИШ мойындады

Мысырдың Ариш қаласында кеше қауіпсіздік бекетін нысанаға алған шабуылдың жауапкершілігін террор ұйымы ДАИШ мойындады.

1038256
Мысырдағы кешегі жанкешті шабуылды ДАИШ мойындады

ДАИШ-ке жақындығымен белгілі бір әлеуметтік желіде орын алған хабарда Ариштегі бақылау бекетіне кеше бір жанкештінің шабуылдағаны аталып, оқиғада Мысыр қауіпсіздік күштерінен қаза тапқандар бар екені алға тартылды.

Мысыр Министрлер Кеңесі кеше жасаған мәлімдемеде Ариш қаласында террористік бір топтың қауіпсіздік бекетіне ауыр қарулар және RPG зымырандарымен жасаған шабуылға тойтарыс берілгені және оқиғада 4 террористің залалсыздандырылғаны атап көрсетілген болатын.

Елдің солтүстік шығысындағы Солтүстік Синай қаласындағы Рафах пен Ариш қалалары кейде қарулы топтардың шабуылдарына сахна болады.

Мысыр армиясы мен полиция ұйымы 2013 жылы қыркүйек айынан бері Синайдың көптеген қаласында қауіпсіздік күштерін нысанаға алған шабуылдар жасағандары себепті террорист пен өзінен басқаны кәпір деп атаушыларға бағыттап операциялар жасауда.

Елдің солтүстігіндегі Синай аймағының 2011 жылы қараша айында ДАИШ террор ұйымына бағынғанын жариялаған және атын «Синай уәлаяты» деп өзгерткен Энсар Бейт әл-Макдис ұйымы сияқты кейбір қарулы топтардың ықпалында екені атап көрсетіледі.



Ұқсас жаңалықтар