Калифорниядағы өртте қаза тапқандар саны 5-ке ұласты

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Калифорния штатындағы өртте қаза тапқандар саны 5-ке ұласты.

1021725
Калифорниядағы өртте қаза тапқандар саны 5-ке ұласты

BBC-де орын алған хабарға қарағанда өртте 2 бала мен әжелерінің қаза табуымен бірге қаза тапқандар саны 5-ке көтерілді.

Хабарда 6 адамның із-түссіз жоғалғаны атап көрсетілді.

Дүйсенбі күні басталған өрт шамамен 200 текше шақырымдық алаңға ықпал етсе, алаулардың 5 пайызы ғана бақылауға алынды.

Өрт сөндіру жұмыстарына 3 мың 400-ден астам өрт сөндіргіш қатысуда. Жұмыстарға өрт сөндіру ұшақтары да қолдау беруде.

Лауазымдылар Шаста аймағында шыққан өртте 2 адамның қаза тапқанын, 8 адамның да жарақат алғанын білдірді.

Өртте қазірге дейін 500-ден астам ғимаратқа зиян келіп, 37 мың адамның қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар