Грекияда орман өртінен 50 адам қаза тапты

Грекиядағы орман өртінен алғашқы белгілеу бойынша 50 адам опат болып, 150 адам жарақат алды.

1017951
Грекияда орман өртінен 50 адам қаза тапты

Грекияда орман өртінен 50 адам қаза тапты.

Грекиядағы орман өртінен алғашқы белгілеу бойынша 50 адам опат болып, 150 адам жарақат алды. Жарақат болған 25 адамның жағдайы өте ауыр.

Грекия астанасы Афинаға жақын жерде орман өртеніп жатыр. Өрт шаһардан 50 шақырымдай жердегі таулы аудандағы қарағайлы орманнан шыққан. Бірақ лаулаған жалынның түтіні Афинаға дейін жетіп, шаһарды тұмшалай бастады.

Орман өрті салдарынан 50 адам қаза тауып, 150 адам жараланды. Олардың он бірі ауыр халде жатыр. Сондай-ақ өрттен бірнеше ондаған көлік пен баспана зақымдалды. Елдегі туристердің күйі тайып, отандарына оралу жағын қарастырып жатыр. Қазір тілсіз жаумен бірнеше бригада күресіп, 7 ұшақ пен 10 тікұшақ  жұмылдырылды. Бірақ мамандар қатты жел оны сөндіруге кедергі келтіріп отырғанын айтады.


Этикеттер: #Грекия , #орман өрті

Ұқсас жаңалықтар