Нигериядағы табиғат оқиғасында 25 адам қаза тапты

Батыс Африка елі Нигерияның солтүстігіне ықпал еткен нөсер жауын салдарынан 25 адам қаза тапты.

1013797
Нигериядағы табиғат оқиғасында 25 адам қаза тапты

Батыс Африка елі Нигерияның солтүстігіне ықпал еткен нөсер жауын мен дауылдың салдарынан алғашқы мағлұматтарға қарағанда 25 адам қаза тапты, көптеген адам су тасқынында жоғалды.

Нигерия Төтенше жағдайлар басқармасы агенттігі (SEMA) Кацина координаторы Алхайи Рабе Раби-у Кацина уәлаятында кеше кешкі уақыттан бері ықпалын арттырған нөсер жауын мен дауылдың су тасқынына жол ашқанын атап көрсетті.

Раби-у су тасқынында кем дегенде 25 адамның қаза тапқанын атап, көптеген адамның із-түссіз жоғалғанын атап көрсетті.

Нөсер жауын мен дауыл себепті шамамен 90 үйдің қирағанын атап айтқан Раби-у 200-ден астам ірі қара мен қойдың жойылғанын білдірді.

Раби-у аймаққа іздеу-құтқару топтары жіберілгенін, қаза тапқандар санының артуына алаңдағандарын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар