Грузиядағы шахта апатында 4 кенші қаза тапты

Грузияның Ткибули қаласындағы көмір шахтасында жарылыс болды.

1013276
Грузиядағы шахта апатында 4 кенші қаза тапты

Грузияның Ткибули қаласындағы көмір шахтасында жарылыс болды. Шахтадағы метан газының жарылысында 4 кенші қаза тапты. Елде 1 күндік аза жарияланды.

Грузия премьер-министрі Мамука Бактадзе жасаған мәлімдемеде Миндели көмір шахтасында болған трагедиялық оқиға себепті 16 шілде күні ел көлемінде байрақтардың төмен түсірілетіні атап көрсетілді.

Жарылыс болған шахта премьер-министрдің тапсырмасымен уақытша жабылды.

Азанғы уақытта шахтада метан газы жарылысы салдарынан 4 кенші қаза тауып, 6 адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар