НАТО елдері қорғанысқа үлкен қаржы бөлді

НАТО мүшесі елдер биыл қорғанысқа барлығы 1 триллион 13 миллиард 406 миллион доллар қаржы бөлді.

1010222
НАТО елдері қорғанысқа үлкен қаржы бөлді

НАТО мүше елдердің қорғаныс шығындарымен байланысты 2018 жылы болжамдарын жариялады.

Осыған қарағанда АҚШ 2018 жылы ішкі өнімінің 3,5 пайызын қорғаныс шығындарына жұмсайды.

АҚШ-тың артынан кезегімен 2,27 пайызбен Грекия, 2,14 пайызбен Эстония, 2,10 пайызбен Ұлыбритания, 2 пайызбен болса Латвия келеді.

Франция ішкі өнімінің 1,81 пайызын, Германия 1,24 пайызын, Голландия 1,35 пайызын, Италия 1,15 пайызын қорғаныс саласына бөледі.

Бұл кезеңде Түркия да қорғаныс саласына ішкі өнімінің 1,68 пайызын бөледі.

НАТО мемлекеттері арасында қорғаныс саласында ең төменгі шығынды жұмсайтын елдер болса 0,55 пайызбен Люксембург, 0,93 пайызбен Бельгия және Испания болады.

Одақ ішінде ең көп қорғаныс шығынын АҚШ жұмсайды.

АҚШ 706 миллиард 63 миллион доллармен НАТО-ның жалпы қорғаныс шығынының жартыдан астамын бір өзі қамтамасыз етеді.

АҚШ-қа ең жақын елдер ретінде 61 миллиард 508 миллион доллармен Ұлыбритания, 52 миллиард 25 миллион доллармен Франция, 51 миллиард 9 миллион доллармен Германия, 25 миллиард 780 миллион доллармен Италия, 21 миллиард 601 миллион доллармен Канада келеді.

Түркия 2018 жылы барлығы 15 миллиард 2019 миллион долларлық қорғаныс шығыны жұмсайды.



Ұқсас жаңалықтар