Жапониядағы су тасқындарында 134 адам көз жұмды

Адам шығындары Хиросима, Эхиме, Окаяма, Ямагучи, Киото, Гифу, Шига, Хйого, Кочи және Фукуока аймақтарында болды.

1009421
Жапониядағы су тасқындарында 134 адам көз жұмды

Жапонияның батысы мен орталық бөлігіне ықпал еткен су тасқыны салдарынан 134 адам көз жұмды.

Үкімет мәлімдемешісі Йошихиде Суга, ұйымдастырған баспасөз жиналысында су тасқындары мен топырақ көшкіндерінде кем дегенде 50 адамның да жоғалғанын білдірді.

Іздеу құтқару жұмыстары аясында азаматтық қорғаныс, теңіз күзету топтары, полиция және өрт сөндіру қызметкерлері саны 75 мыңға жақын екенін атап көрсеткен Суга іздеу жұмыстарына 80 тікұшақтың қатысқанын білдірді.

Суга су тасқынымен күресте арнайы қызмет комитеті құрылғанын және 18 миллион долларлық бір бюджет бөлінгенін атап айтты.

19 уәлаятта 5,9 миллион адам үшін эвакуациялау бұйрығы шығарылған еді.

Апат себепті премьер-министр Синдзо Абэ Еуропа мен Таяу Шығысқа жоспарлаған саяхатын кейінге қалдырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар