Палестина «Ғасырдың келісімі» атты жоспарға қарсы

Аббас «Ғасырдың келісімі» атты жоспарға араб лидерлерінің де қарсы екенін білдірді.

1008803
Палестина «Ғасырдың келісімі» атты жоспарға қарсы

Палестина президенті Махмуд Аббас Америка Құрама Штаттары әкімшілігінің Израиль мен Палестина арасындағы бейбітшілік келіссөздерінің қайтадан басталуы үшін дайындықтардың жалғасқанын айтты. Аббас «Ғасырдың келісімі» атты жоспарға араб лидерлерінің де қарсы екенін білдірді.

Фатих қозғалысының Рамаллахтағы орталық комитеті жиналысында сөз сөйлеген Аббас «Ғасырдың келісімі» атты жоспардың қабылдауға болмайтынын түсіндірді.

«Араб бауырларымыз бізге Ғасырдың келісіміне қарсы екенін айтты» деген Аббас Еуропа, Азия және Африкадағы кейбір елдердің де келісімді қабылдамайтынын айта  бастағанын атап өтті.

Баспасөздердегі қауесеттерге қарағанда Ғасырдың келісімі жоспары жаулау астындағы Шығыс Иерусалимнің Израильге берілуі, Батыс Шериядағы заңсыз еврей елді мекендердің басым көп бөлімінің жалғасуы секілді шарттарды қамтуда.


Этикеттер: #Палестина , #Израиль

Ұқсас жаңалықтар