Паром апатында қаза тапқандар саны 34-ке ұласты

Индонезияның Sulawesi аралы маңында бір паромның суға кетуі салдарынан қаза тапқандар саны 34-ге ұласты.

1006116
Паром апатында қаза тапқандар саны 34-ке ұласты

Оңтүстік Sulawesi полиция мәлімдемешісі Дики Сондани (Dicky Sondani) апатта қазірге дейін 155 адамның құтқарылғанын жариялады.

Қаза тапқан 34 адамның құтқару көкірекшесі болмағанын атап көрсеткен Сондани паромда шамамен 190 адам бар екенін білдірді.

Макассар Іздеу құтқару тобы басшысы Амируддин А. болса жоғалғаны білдірілген 1 жасар нәрестені іздестіру жұмыстарының жалғасқанын жариялады.

Әлеуметтік жұмыстарға жауапты мемлекеттік министр Идрус Мархамның да паром апатымен байланысты ақпарат алу үшін оқиға аймағына баратыны мәлімденді.



Ұқсас жаңалықтар