Швеция - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі төрағасы

Швеция кезекті төрағалықты алды.

1003780
Швеция - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі төрағасы

Швеция БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бір айлық кезекті төрағалығын қабылдап алды.

Швеция Сыртқы істер министрі Маргот Вальстрём  үкіметтің ресми интернет парақшасынан хабарлама жариялап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тұрақты емес мүшелі болған елінің 1 шілде-1 тамыз күндері аралығында кезекті төрағалығын атқаратынын білдірді.

Вальстрем өте қиын кезеңде әлемдік проблемалармен бетпе-бет екендерін білдіріп: «Өте көп адам қиыншылықта,  босқындар көп. Төрағалық кезеңімізде әйелдер мен балалардың құқығын алға шығарамыз. Йемен,  Сирия және Мьянмадағы проблемалар да күн тәртібімізде болады. Проблемаларға белсенді дипломатия арқылы шешім іздестіреміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар