Малидегі шабуылда француз әскерлері нысанаға алынды

Бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылда 8 француз, барлығы 31 адам жарақат алды.

1003945
Малидегі шабуылда француз әскерлері нысанаға алынды

Малиде француз әскерлерін нысанаға алған жанкешті шабуылда 4 адам қаза тапты.

Лауазымдылар кеше Гао қаласында күзету қызметін атқарған француз әскерлерін нысанаға алған бомба тиелген көліктің жолдан өтіп бара жатқан жазықсыз 4 адамның қаза табуына себеп болғанын жариялады.

Мали Ішкі қауіпсіздік министрлігі де шабуылда 8 француз, барлығы 31 адамның жарақат алғанын білдірді.

Малиде соңғы 3 күнде қауіпсіздік күштерін нысанаға алған 3-ші шабуыл екені білдірілді.

Кешегі мәлімдемеде шабуылда 2 француз әскерінің қаза тапқаны атап көрсетілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар